Главная Отклики молодежи на Послание Президента РК «Пять социальных инициатив Президента»

«Пять социальных инициатив Президента»

h-75

Басты бағыттың бірі - Баспана!

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің ілгері дамуы жолында тың жобаларын қалың қауымның алдында жария етті.

Соның бірі - қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама.

«Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен алу мүмкіндігіне ие болады. Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарнама 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

13 жасында Отау иесі болған қазақ қара шаңырақтың қадірін бұрыннан біледі. Сананы тұрмыс билеген заманда көптеген Отандастарымыздың әлі күнге жеке меншік үйіне қол жеткізбегені мәлім. Осыны ескерген Елбасы жеңілдік жолын қарастырып, үйлі болу үшін бізді бір қадам жақындатты деуге болады.

Енді, еімізде, соның ішінде өзім тұратын Павлодар өңірінде баспаналы жандардың қатары көбейетініне сенімім мол. Аймақ басшысы Болат Бақауовтың жеке бақылауымен салынған "Сарыарқа" шағын ауданы бар. Жуық арада жаңа көпқабатты зәулім үйлері бар "Достық" шағын ауданы бой көтереді. Ел игілігі үшін жасалып жатқан осындай шаралардың легі жалғасын таба берсін дегім келеді.


Абзал Қабдраш 
"National art" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы


Прочтите так же

Галерея